№4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы мәлімет

 

№4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ірге тасы 1958 жылы  қаланған және осы күнге дейін жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

1996 жылы Облыстық денсаулық сақтау Департаментінің бекітуімен балабақшаға санаториялық сауықтыру кешені енгізілді. Балабақшаға балалар қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жолдамасымен қабылданды.

Балабақша алғаш ашылған кезде  Шанхай мөлтек  ауданында 2 топтық орыс балабақшасы болып ашылған, балабақшада түрлі ұлт өкілдерінің (орыс, кәріс, ұйғыр, өзбек)  балалары тәрбиеленген, 1968-1990 жылдар аралығында балабақша 2 тобына қосымша 2 топ ашылып,  4 топта 95 бала тәрбиеленіп, 12 педагог  жұмыс атқарған. 1990 жылы орыс топтарына қатар 1  қазақ тобы ашылды. 1992 жылы балабақшадағы топтар  түгелдей қазақ тобы болып, «Қуаныш» атауы берілді. 1996 жылы Облыстық денсаулық сақтау Департаментінің бекітуімен балабақшаға санаториялық сауықтыру кешені енгізілді. Балабақшаға балалар қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жолдамасымен қабылданып, балабақша №4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасы болып атауы өзгерді.

 Балабақша  2000 жылы  Гагарин мөлтек ауданындағы  типтік жобада салынған ғимаратқа  көшірілді. 2007 жылы балабақшадан  қосымша жаңадан 2 топ,  2008- оқу жылында  жаңадан 4 топ,        2010 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында жаңадан 2-топ ашылып,  12 топта 280 бүлдіршін  тәрбиеленіп 35 педагог қызмет атқарды. 

1996 жылы Облыстық денсаулық сақтау Департаментінің бекітуімен балабақшаға санаториялық сауықтыру кешені енгізілді. Балабақшаға балалар Қалалық Туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жолдамасымен қабылданды.

Қазіргі таңда 2021 жылдың тамыз айынан бастап   Қызылорда облысының   білім басқармасының 23.06.2021жылғы   № 120-НҚ-11 бұйрығымен және  Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.06.2021 жылғы  №252 бірлескен бұйрығы негізінде  жұмыс жасауда.     Балабақшаға қабылданатын балалар арнайы аймақтық емхана фтизиопедиаторымен және арнайы комиссияның шешімен берілген жолдамасымен қабылданады. Осы бірлескен бұйрық бойынша балабақшаға қабылданатын балалар төмендегі көрсетілген контингенттер:

1.Туберкулез таяқшасын жұқтыратын науқаспен қарым-қатынастағы  балалар-туберкулез микробактериясының жұқпалы (әрі қарай-МБТ) оң ошағынан;

2.Туберкулез дәрілеріне тұрақтылығы бар науқастармен қарым-қатынастағы балалар – көп дәрілік препаратқа төзімділік (әрі қарай-ШЛУ) ошағынан; 

3.Туберкулез таяқшасын жұқтырмайтын науқаспен қарым-қатынастағы балалар –МБТ теріс ошағынан;

4.«Алғаш рет туберкулез таяқшасын жұқтырып 111 Б тобы (Вираж) диагнозымен есепке алынған балалар;

6.Кальметт-Герень бацилласы (туберкулезге қарсы екпе) вакцинасынан кейінгі асқынулармен есепке алынған балалар;

  1. «Бейім тобындағы » балалар (аймақтық дәрігерде әр-түрлі диагнозбен «Д» есепте тұратын балалар, яғни анемия, өкпе-тыныс алу жолдарының, жүрек-қан тамыр жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің, аллергиялық және бүйрек-зәр шығару жолдарының ауруларымен есепте тұратын балалар (орфондық аурулар).

Балабақшада балалар арнайы бір мерзіммен емделіп, сауықтырылып шығарылып отырылады.

Туберкулез дәрілеріне тұрақтылығы бар науқастармен қарым-қатынастағы балалар – көп дәрілік препаратқа төзімділік (әрі қарай-ШЛУ) ошағындағы балалар хим.препараттар қабылдайды. Балалар алты мезгіл құнарлы тамақтанады, күнделікті ас мәзірінде   сүт, қатық, сары май, сүзбе, қаймақ, ірімшік, ет, жұмыртқа, жеміс-жидектер, аптасына бір рет балық беріледі. Санаториялық бөбекжай балабақшада медициналық  кабинет жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте емшара  бөлмесі, егу бөлмесі, оқшаулау  бөлмесі бар. 

Медкабинеттің жабдықталуы:

Медициналық  кабинет «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағаидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес жабдықталып санитарлық ережелерге сәйкес

- Балалардың денсаулығын сақтау, аурушаңдықтың алдын алу,  сауықтыру  жұмыстарын  жүргізу, балалардың медициналық бақылау жұмыстарын  бөбекжай балабақша медбикесі жүргізеді. Сонымен қатар  балалардың  өмірін  қорғап,  жан-жақты толыққанды дамыту және  денсаулығын нығайту, тіршілік әрекетінде қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырып, салауатты өмір салтына баулу, сырқаттанушылықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар жыл сайын жоспарланып орындалады  Балалардың   күнделікті  құнарлы  да, сапалы  тағамдармен тамақтандыруды ұйымдастыру  бөбекжай бақшаның ем-дәмбикесінің  бақылауымен жүргізіледі.

Бөбекжай балабақшада асхана, оның ішінде ас дайындайтын бөлме, ас тарататын бөлме,   ас өнімдерін сақтайтын қойма және балабақша ауласында арнайы көкөністерді сақтайтын қойма бар.

Бөбекжай балабақша  аумағында жеке топтарға арналған балабақша 12 ойын алаңы, құм салғыштар,   балалар ойнайтын сырғанақтар , әр топқа  жеке балалар  отырып ойнайтын  көлеңкелі бастырмалар, жазғы сауықтыру кезеңінде іс-шаралар өткізуге арналған үлкен көлеңкелі бастырма, балалардың денсулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған үлкен спорт алаңы алаңы бар. Көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Балабақша топ бөлмелерінің жатын аумағы - 506.5, ойын бөлмесі ауданы 534.5, әжетхана ауданы - 167.3.  Медициналық қызмет түрі №140012038 лицензиясы  бар 19.08.2014ж

Балабақша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты үлгілік оқу жоспарын және Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын   басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Санитарлық  нормаларға сәйкестік актісі 17.11.2009ж №1468  бар.

Санаториялық бөбекжай балабақшаның  ерекшелігі балабақша 1996 жылдан бері  Джордж  Соростың «Тәй-тәй» технологиясын басшылыққа алып жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Балабақшада  оқу  тәрбие  процессі    белсенділік  дамытушы орталықтары   арқылы  балалардың   бірегей   қабілеттерін    дамытатын «Тәй-тәй» технологиясы бойынша  жүргізіледі. Балабақша педагогтары «Тәй-тәй» технологиясы бойынша арнайы курстан өткен, сертификаттары бар.

Балабақшада музыка залы, логопедтік кабинет, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мазмұнына сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларды  оқыту мен  дамытуға, балалардың  логикасының, ойлауының, сенсорлық қабілеттерінің дамуына ықпал ететін 1- интерактивті тақтамен жабдықталған.  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  идеясына , "Рухани жаңғыру" бағдарламасына негізделген ұлттық салт- дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында "Рухани жаңғыру" бұрышы ұйымдастырылған.

Бөбекжай балабақша тәрбие мен оқыту ойын арқылы  инновациялық  әдістермен  технологияларды  қолдана отырып, дені сау, дербес, білуге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын балаларды толыққанды дамыту, баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру мақсатында  жүргізіліп, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және  «Әлеумет» білім беру салаларын  кіріктіру  арқылы жүзеге асырылады.  Балалардың   4К моделі  бойынша  негізгі құзыреттіліктерін   қалыптастырып, креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілігін  дамытуға және командада жұмыс істей білулеріне  басты назар аударылады.

Қазіргі таңда санаториялық бөбекжай балабақшамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 14 мамыр 2020 жылғы №202 бұйрығына  сәйкес 17 педагог-модератор, 3 - педагог сарапшы, 1-педагог-зерттеуші біліктілігіне өтті. 

№4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасы штаттық кесте бойынша 86.6  штаттық бірлік бойынша қызметкерлер жұмыс жасайды.

Оның ішінде педагог қызметкерлер - 36.0

Техқызметкерлер - 50.6

 

 

Балабақша жетістіктері

 

1996 жылы балабақша Сорос Қазақстан қорының грантын жеңіп алып, облыс бойынша аймақтық тренинг орталығы атанды. Сол жылдардан бастап балабақшада оқу –тәрбие процесі Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, халықаралық «Тәй-тәй» технологиясымен жүргізіледі.

1997 жылы  балабақшада «Белсенділік орталықтарындағы тәрбиешінің рөлі».тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

1998 жылы Облыс бойынша модельді балабақша атанды

2000 жылы балабақшада  аймақтық тренинг орталығы ашылды.

2001 жылы «Бірге біз жақсарамыз» атты облыстық семинар өтілді.

2002 жылы Сорос Қазақстан қорының грамотасымен марапатталды.

2003 жылы инклюзивтік оқыту «Әркімге бірдей мүмкіндік» жобасымен жұмыс жасауға  мүмкіндік алдық.

2004 жылы Білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезіне балабақша меңгерушісі делегат болып қатысты.

2005 жылы ТМД елдері арасында өтілген Халықаралық көрмеге қатыстық.

2006 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында «Жыл балабақша -2006» номинациясы бойынша марапатталды.

2007-   балабақша ұжымы  облыстық «Таңдаулы балабақша -2007» байқауына қатысып  бас жүлдені  жеңіп алдық.

2007 –жылы  Республикалық  Ұлттық «Балалық шақ  досы»  байқауына  қатысып , ҚР ең үздік  дипломына ие болдық.

2008 –жылы «Жыл тәрбиеші  -2008» байқауынан  тәрбиеші Құлымғалиева Лида  қалалықтан бас жүлдені, облыстан 2-ші   орынды жеңіп алды.

2009 жыл «Сапалы білім беруге жету жолдары» республикалық семинар өтілді.

2009 жылдың қараша айында балабақша меңгерушісі К.М.Смайлова Румыния мемлекетінде  өтілген 57 мемлекет  қатысқан Халықаралық  конференциясында  болып, сертификат алды.

2010- оқу жылының басында  жаңадан 2-топ ашылды.

2010 жыл  мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз маслихатының секция жұмысы жүргізілді.

2010 жылдың қазан айында «Жаңа стандарт деңгейінде Тәй-тәй технологиясының маңызы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

2011 жылы Қ.Р. Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов мырзаның Қызылорда қаласындағы іс-сапарында біздің балабақша бүлдіршіндері көшпелі оқу іс-әрекетін көрсетті.

2011 жылы Республикалық конкурстың «Үздік балабақша» номинациясы бойынша «Білім ұясы» конкурсының жеңімпазы атанды.

2011 жыл  Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен “ Тәуелсіздікке 20 жыл” балалардың денсаулығын нығайту шарасында ересектер тобының бүлдіршіндері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2011 жыл “Қазақстандық білім беруде мектепке дейінгі мемлекеттік жекеменшіктік серіктестікті дамытудың бүгінгі проблемалары және болашағы” республикалық семинарын ұйымдастыру мен өтуіне қосқан елеулі еңбегі үшін балабақша ұжымы қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2012ж Облыстық оқу орталығының «Педагогикалық шеберлік орталығы» сертификатымен марапатталды.

2012 жылдың қараша  айында облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Инновациялық технология: тәжірибе мен нәтиже» облыстық ашық есік күні өткізілді.

Балабақша бүлдіршіндері «Бал-бала-2012» бүлдіршіндердің телевизиялық өнер байқауына қатысып ІІ орынды иеленді.

2012 ж  1 маусым «Балаларды қорғау күні» «Кел шырқайық бәріміз» ән байқауы, «Біз өнерлі баламыз, жұлдызы болып жанамыз» ән фестивалінен қалалық білім бөлімінің «Мақтау қағазымен» марапатталды.

2013 жылдың  сәуір айында  облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Тәжірибе алаңы» атты ашық есік күні өткізілді.

2013 жылдың  сәуір айында мектепке дейінгі ұйым бірлестіктерінің «Әлеуметтік орта» білім беру саласы арқылы «Ойын баланың біртұтас, үйлесімді, жан-жақты тұлға болып дамуына әрекет етеді» тақырыбында  әдістемелік  отырысы өткізілді.

2013 жылы 2050 «Денсаулық» фестивалі «Денсаулық» атты сурет сайысы «Алғыс хатпен» марапатталды.

2013 жылы Облыс әкімінің «Салауатты ұрпақтың тәрбие ұясы» номинациясы иегері атанып, сертификат табысталды.

2013 жылы қалалық балабақшалар аралық бүлдіршіндер арасында патриоттық ән байқауының «ІІІ орын» жеңімпазы

Балабақша бүлдіршіндері «Бал-бала-2013» бүлдіршіндердің телевизиялық өнер байқауына қатысып «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды.

2014 жылы балабақша тәрбиеленушісі Балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиеленушілері арасында «Денсаулық» атты сурет сайысына қатысып Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылдың ақпан  айында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ересектер «А» тобында «Салауатты ұрпақ-тәрбие ұясында» атты спорттық сайыс-дода ұйымдастырылып,балалар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды.

2014жылы балабақша тәрбиешісі А.Тажбенова «Бұл гепатит, Оны біл.Одан қорған!» эстафеталық сайысын балабақшада жоғары деңгейде ұйымдастырып, Облыстық Салауатты өмір салтын қорғау орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылдың  сәуір айында  облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Балабақшадағы балаларды сауықтыру және емдеу профилактикалық іс-шаралары» тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, ересектер тобымен сауықтыру іс-шаралары көрсетілді

2014 жылдың мамыр айында «Шығармашылық білім беру саласы бойынша балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасын, шығармашылық ойлау мәдениетімен елестетуін дамыту» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

2014жылы балабақша бүлдіршіндері қалалық балабақша аралық бүлдіршіндер арасында патриоттық ән байқауына қатысып жүлделі ІІІ орын иегерлері атанды.

2014жылы балабақша бүлдірші Төлеген Диляра  ҮІ Халықаралық «Ғұмырдария» жасөспірімдер және балалар шығармашылығы ән-би байқауына қатысып жүлделі ІІ орын иегері атанды.

2014жылы ұжым қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы қала күні қарсаңына ұйымдастырылған сурет көрмесіне бүлдіршіндеріміз қатысып Алғыс хатпен марапатталды.

2014жылы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісінде «Тәй-тәй» технологиясын қолдану мүмкіндіктері мен жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

2014 жылы желтоқсан айында ұйымдастырылған қалалық балабақша аралық бүлдіршіндер арасында өткен «Елімнің тәуелсіздігін жырлаймын»  мәнерлеп оқу сайысында балабақша бүлдіршіні Сәнібек Дильяра ІІ орынды иеленді.

Балабақша бүлдіршіндері «Бал-бала-2014» бүлдіршіндердің телевизиялық өнер байқауына қатысып «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды.

«Бал бала» қалалық байқауында жақсы өнер көрсеткені үшін балабақша бүлдіршіні Сәнібек Дильяра «Жас сахнагер» номинациясымен марапатталды.

2014жылы балабақша меңгерушісі М.Ж.Изтлеуова мен балабақша әдіскері Р.Ш.Ибраева «Қазақстан ұстазы» төсбелгісімен марапатталды.

2014 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығы» орай ұйымдастырылған іс –шарада қалалық білім бөлімінің «Алғыс хаты» мен «Мақтау қағаздарымен» марапатталды.

2014 жылы «Ертегімен есейем» атты қалалық байқауда «Қуаныш» балабақша тәрбиеленушілері бас жүлдені жеңіп алды.

2015 жылы «Ұлы Жеңіске – 70жыл» атты аймақтық патриоттық ән байқауында  бүлдіршіндеріміз жүлделі ІІІ-орынды иеленді.

2015 жылы 18 «Бозторғай» облыстық байқауынан балабақша бүлдіршіні Оңдасын Медина «Дипломмен» марапатталды

2015 жылы «Бал-бала»-VIII қалалық байқауы ІІ-дәрежелі дипломын иеленді

2016 жылы«Қыз еркем,анасы көркем» отбасылық сайысы ІІ орын жүлдегері.

2016 жылы 1-маусым «Балаларды қорғау күні» ұйымдастырылған іс-шарада балабақша бүлдіршіні Оңдасын Медина «Мақтау қағазымен» марапатталды.

2016 жылы «Қала күні» мерекесіне ұйымдастырылған спорттық сайыста балабақша бүлдіршіні  Құлатай Азамат қала әкімінің «Дипломы» мен марапатталды.

2016 жылы «Бал-бала»-9 байқауынан бүлдіршіндеріміз «Көрермендер көзайымы» номинациясын иеленді

2016 жылы Балалар шығармашылығына арналған бүлдіршіндер арасындағы қалалық «Жаңа жыл келді, төріме» атты Аяз ата мен Ақшақарлар байқауында  ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2016 жылы «Тәуелсіз елге тәй басқан қадам», «Бесік арба» байқауында  ІІІ-дәрежелі ДИПЛОМ мен тәрбиеленуші  Жалғасбай Айым және музыка жетекшісі Аманулаева Тоғжан  марапатталды.

2016 жылы «Ертегілер елінде» байқауында бүлдіршіндеріміз «Дипломмен» марапатталды

2016 жылы  «Ұлы дала ұрпағымын!» бейнелеу өнері байқауы, мәнерлеп оқу сайысынан  Зайдинда Алихан мен Жалғасбай Айым «Дипломдармен» марапатталды.

2017 жылы  бүлдіршіндеріміз «Ханталапай» сайысының ІІІ орын жүлдегері

2017 жылы «Жеңіс күні» мерекесіне орай 5-аймаққа қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған «Болашақтың тірегі-жас бүлдіршіндер» атты «Патриоттық әндер байқауынан» ІІ орын иеленді

2017 жылы «Көңілді ноталар» концертінен  тәрбиеленушілеріміз «Диплом» мен марапатталды.

2017 жылы Қалалық «Шығармашылықтың шексіз әлемі» атты үздік дидактикалық материалдар көрмесінде шығармашылығымен ерекшеленіп «Іскер тәрбиеші» номинациясымен тәрбиеші Омарова Айгүл марапатталды.

2017 жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығы қарсаңында «Сүйкімді бүлдіршін» байқауы «Диплом» мен марапатталып, «Өнерлі бүлдіршін» номинациясының иегері атанды.

2017 жылы «Бал-бала-2017» телевизиялық байқауында балабақша бүлдіршіндері «Өнерлі жұп» номинациясымен марапатталған.

2017ж Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған «Мен креативті тәрбиеші» атты шығармашылық апталығында жаңашыл технологиялармен ерекшеленгені үшін балабақша тәрбиешісі Тажбенова Айнаш Қалалық білім бөлімінің «Дипломы» мен марапатталды.

«Күзгі бал-2017» қалалық байқауынан  бүлдіршіндеріміз ІІІ дәрежелі Диплом иегері атанды.

2017 жылы балабақша тәрбиешісі Дербесалиева Ғалия қалалық «Үздік тәрбиеші» байқауынан ІІІ орынды иеленіп, қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы Жоба қорғаудан Әндіржан Бибарыс «Алғыс хатпен» марапатталды

2018 жылы «Үш тілдің патшалығы» ертегімен есейем жобасы «Алғыс хат»пен марапатталған.

2018 жылы «Салауатты тамақтану денсаулық кепілі –іс шара» облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының «Алғыс хатымен» марапатталған.

2018 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша халықаралық өнер фестивалі «Бас жүлде» Дипломымен Алматқызы Амина марапатталды.

2018 жылы 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күні «Бақытты балалық шақ балдәурен»  мерекелік концертінен «Алғыс» пен марапатталды.

2018 жылы балабақша әдіскері Ибраева Роза Шарапатқызы Ұстаздар күніне орай қала әкімінің «Үздік әдіскер» Дипломымен марапатталды.

2018 жылы балабақша әдіскері Ибраева Роза Шарапатқызы «8-наурыз» Аналар мерекесіне орай «Бала бағбаны» номинациясының иегері атанды.

2018 жылы «Мың бала» республикалық порталының «Балабақша жұлдызы» энциклопедиясынан Оңдасын Мұхаммеджан «Дипломмен» марапатталды.

2018 жылы «Сүйікті қалам-Қызылорда!» Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада «Алғыс хатпен» марапатталды.

2018 жылы Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойлары аясында өткен «Көңілді старт» эстафеталық жарысында І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2018 жылы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойы аясында «Бал бала» облыстық байқауының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық байқауда «Бас жүлде» иегері атанып, бүлдіршіндерімізге бағалы сыйлықтар табысталды.

2018 жылы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойы аясында «Бал бала» облыстық байқауының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық байқауда балабақша меңгерушісі М.Ж.Изтлеуова қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2018 жылы Балалар шығармашылығы ХІ облыстық «Ботақан» балалар телефестивалінде  «Дипломмен» марапатталды.

2018 жылы Қызылорда қаласының -200 жылдық мерей тойына орай балабақша меңгерушісі Изтлеуова Мария Жәдігерқызына «Мерейтойлық медаль» табысталды.

2018 жылы «Күзгі бал-2018» атты балабақша тәрбиеленушілері арасындағы қалалық байқауда үздік өнер көрсетіп бүлдіршіндеріміз бас жүлдені женіп алып, Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Дипломымен» марапатталды.

2018 жылы Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымын»  қалалық мәнерлеп оқу сайысында балабақша тәрбиеленушісі Жарас Жантөре жүлделі І орынға ие болды.

2018 жылы №4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балбақшасының 60 жылдық мерейтойына орай Облыстық білім басқармасының Құттықтауы.

2018 жылы №4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балбақшасының 60 жылдық мерейтойына орай Облыстық білім басқармасының  оқу орталығының Құттықтау хаты

2018 жылы №4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасының 60 жылдық мерейтойына орай қалалық білім бөлімінің құттықтау хаты.

2019 жылы «Ұлы даланың жеті қыры  «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны» ғылыми жобада балабақша тәрбиеленушісі Жарас Жантөре қалалық сайыста І –орын иегері атанып Дипломмен марапатталды.

2019 жылы 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Достық ән-би» байқауында жүлделі ІІІ-орын иегері;

2019 жылы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Көктем аруы» сайысында ортаңгы топ тәрбиеленушісі Амантай Раяна жүлделі Диплом І орын иегері атанды;

ДИПЛОМ

2019 жылы ХІІ «Бал-бала» қалалық бүлдіршіндер байқауында ІІ-дәрежелі ДИПЛОМ;

2019 жылы «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дала сазы» республикалық байқауында «Вокаль» номинациясы бойынша балабақша тәрбиеленушілері «Қуаныш» дуэті мен Амантай Раяна ІІ орын иегері;

2019 жыл желтоқсан айында 16 желтоқсан ҚР-ның «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік» патриоттық ән байқауында балабақша МАД «Мұрагер тобының тәрбиеленушілері Айару АзаматқызыДінислам Ишанбек ІІ-орын иеленді;

2019 жыл желтоқсан айы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Аяз ата мен Ақшақарлар арасындағы «Жаңа жыл келді төріме!» атты бүлдіршіндер арасындағы қалалық байқауы Алматұлы Исмаил

Амангельдина Айбибі І-орын;

2020 жыл 27-ақпан Қызылорда қаласының білім бөлімі А Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай дана-Абай дара қазақта» аймақтық мәнерлеп оқу сайысы Ұзақ Мақсат ІІ орын;

2021 жыл

 

 

 

Зияткерлік конкурстарға қатысу нәтижелері

 

Балабақша тәрбиеленушілерінің қала, облыс, республика көлемінде іс  шараларға қатысу көрсеткіші

Зияткерлік конкурстарға қатысу нәтижелері

 

Республикалық деңгейдегі жетістіктер:

 

р/с

Қатысу жылы

Жетістігі

1

2018 жыл Шілде айы

ДИПЛОМ «Мың бала» республикалық порталының «Балабақша жұлдызы» энциклопедиясы тәрбиеленуші  Оңдасын Мұхаммеджан

2

2018 ж Наурыз

І орын Анама арнаймын сурет байқауы Алматұлы Исмаил

3

2021 жыл

желтоқсан айы

 ІІ – орын Тәуелсіздіктің 30- жылдығына арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» атты республикалық онлайн сурет байқауы Оңдасын Малика

4

2021 жыл

желтоқсан айы

І – орын  «Тәуелсіз ел жастары» атты республикалық онлайн мәнерлеп оқу байқауы Әндіржан Бурахан

5

2021 жыл

желтоқсан айы

І – орын  «Тәуелсіз ел жастары» атты республикалық онлайн мәнерлеп оқу байқауы Әуезхан Айша

6

2021 жыл желтоқсан айы

І – орын  «Тәуелсіз ел жастары» атты республикалық онлайн мәнерлеп оқу байқауы Жүсіпбек Байбек

7

2021 жыл

желтоқсан айы

ІІ – орын Тәуелсіздіктің 30- жылдығына арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» атты республикалық онлайн сурет байқауы Ерланқызы Кәусар

8

2021 жыл желтоқсан айы

І – орын Тәуелсіздіктің 30- жылдығына арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» атты республикалық онлайн сурет байқауы Қызылбай Раяна

 

 

 

                      Қалалық деңгейдегі жетістіктер:

 

р/с

Қатысу жылы

Жетістігі

1

2018 жыл

«Алғыс хат» Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі«Үш тілдің патшалығы» ертегімен есейем жобасы

2

2018ж

ІІ орын ДИПЛОМ «Тәуелсіздік таңының жұлдызымын» Мәнерлеп оқу сайысы Жарас Жантөре

3

2019 ж

«Ұлы даланың жеті қыры» қалалық ғылыми жобада І орын Жарас Жантөре

4

Ұзақ Мақсат 2020 жыл 27-ақпан

ІІ орын А Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған

«Абай дана-Абай дара қазақта» аймақтық мәнерлеп оқу сайысы

5

Ұзақ Мақсат

2020 жыл

 

Қала әкімінің «Алғыс хаты» А Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Абай дана-Абай дара қазақта»

6

2020 ж

«Диплом» «Бала жанының бағбаны» номинациясы

 

 

Көркемдік, шығармашылық конкурстар мен байқауларға қатысу нәтижелері

Ән би

Халықаралық деңгейдегі жетістіктер:

 

р/с

Қатысу жылы

Жетістігі

1

05.2018ж

 «Бас жүлде» ДИПЛОМ

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша халықаралық өнер фестивалі «Бейбітшілік әлемі Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігі тәрбиеленуші Алматқызы Әмина

 

Республикалық деңгейдегі жетістіктер:

 

р/с

Қатысу жылы

Жетістігі

1

2019 жыл 29 қараша

ДИПЛОМ ІІ орын

«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дала сазы» республикалық байқауы «Вокаль» номинациясы бойынша «Қуаныш» дуэті

2

2019 жыл 29 қараша

ДИПЛОМ  ІІ орын Ұзақ Мақсат

«Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дала сазы» республикалық байқауы «Вокал» номинациясы бойынша

3

2019 жыл Желтоқсан айы

Бас  жүлде

«Тәуелсіздікке тарту» «Эстрадалық вокаль» номинациясы бойынша Республикалық дарынды балалармен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы Жолдас Ұлбибі

4

2019 жыл Желтоқсан айы

Бас  жүлде

«Тәуелсіздікке тарту»«Эстрадалық вокаль» номинациясы бойынша Республикалық дарынды балалармен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы Амантай Раяна

 

5

2019 жыл Желтоқсан айы

І орын

«Тәуелсіздікке тарту»«Эстрадалық вокаль» номинациясы бойынша Республикалық дарынды балалармен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы  Ұзақ Мақсат

6

2021 жыл

ІІ-орын ДИПЛОМ «Бақытты елдің ұрпағы» Республикалық «Дала сазы» байқауы Қуаныш бб Жалғасбай А, Алиакбар А

7

2021 жыл

І-орын ДИПЛОМ  «Бақытты елдің ұрпағы» Республикалық «Дала сазы» байқауы Вокаль Болатбек Дариға

 

Облыстық деңгейдегі жетістіктер:

 

р/с

Қатысу жылы

Жетістігі

1

2017 жыл

Салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметіне 20 жыл мерейтойына орай – «Ұлттық саясатты іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін» статуэткасы

2

2018 жыл

 

«Құрмет грамотасы» Салауатты тамақтану денсаулық кепілі –іс шара облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

 

3

2018 жыл

13-ші қазан айы

Бас жүлде ДИПЛОМ  Қызылорда қаласының 200 жылдық мерей тойы аясында «Бал бала» облыстық байқауының 10 жылдығы «Қызылорда қаласының әкімдігі

 

4

2018 жыл

ДИПЛОМ Балалар шығармашылығы ХІоблыстық «Ботақан» балалар телефестивалі «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ облыстық «QYZYLORDA» телеарнасы

 

                                      

№ 4 «Қуаныш» санаториялық бөбекжай балабақшасы педагогтарының жетістіктері

 

Т.А.Ә

Халықаралық деңгейдегі жетістіктер

Республикалық деңгейдегі  жетістіктер

Облыстық деңгейдегі жетістіктер

Қалалық деңгейдегі жетістіктер

 

 

 

«Құттықтау» Білім және ғылым министрі

 

«Алғыс» Қызылорда қаласының әкімі -2018 ж

1

Изтлеуова Мария Жадигеровна

 

«Диплом» «Жарқын» Республикалық ғылыми –ақпараттық, танымдық-тәрбиелік журналы 2018 ж

«Құттықтау» Қызылорда облысының білім басқарамасы 2018 ж

«Алғыс» Нұр Отан 2019 ж

 

 

«Құрмет грамотасы» Қызылорда облысының білім басқармасы 2018 ж

«Құрмет грамотасы» Қызылорда қаласы білім бөлімі 2019 ж

 

 

 

«Алғыс» Қызылорда қаласының әкімі -2020 ж

 

 

 

«Алғыс» Қала әкімінің орынбасары 2020 ж

2

Ибраева Роза Шарапатовна

 

 

 

«Үздік әдіскер» Қызылорда қаласы әкімі 2018 ж

 

 

 

«Бала бағбаны» номинациясы 2018 ж

 

 

 

 

 

«Алғыс» Қала әкімінің орынбасары 2020 ж

3

Ертайқызы Индира

«Алғыс хат» «Болашаққа Бағдар: Рухани жаңғыру» фестивалі

«Құрмет грамотасы» өнер байқауынан -2019 ж

 

 

 

«Диплом» «Бала дарын» жасөспірімдер байқауы 2021 ж

 

 

4

Жанпейсова Айгул

 

«Мың бала» Республикалық ең үздік оқушылар энциклопедиясы

 

 

5

Мұсабаева Зәуре

 

«Алғыс» Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қоры

 

 

 

«Үркер» зияткерлік марафоны

 

 

6

Елеш Құндыз

 

2- орын «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» блиц турнирі -24.12.2020 ж

 

 

 

2- орын «Педагогика және психология негіздері» блиц турнирі 2020 ж

 

 

3- орын «Үздік тәрбиеші» олимпиада

 

 

 

7

Омарова Айгүл

 

 

 

«Диплом»  «Іскер тәрбиеші» номинациясы –Қызылорда қаласының білім бөлімі 2017 ж

8

Асанова Мирамкұл

 

«Құрмет грамотасы» «Үлгілі тәрбиеші» номинациясы 2019 ж

 

 

9

Аяп Айзада

 

 

 

«Диплом» Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2017 ж

10

Баданова Жанар

 

«Алғыс хат» «Дала сазы байқауы» 2019 ж

 

«Диплом» «Бас жүлде» Қала әкімі 2020 ж

11

Токжолова Гүлмира

 

«Үркер» зияткерлік марафоны

 

 

12

Жүсіпова Қалдыгүл

 

«Алғыс хат» Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қоры

 

 

 

«Алғыс хат» «Qazaq Qogam» қоғамдық қоры 2021 ж

 

 

 

«Диплом» «Бала дарын» жасөспірімдер байқауы 2021 ж

 

 

13

Буханова Гүлмира

 

«Алғыс хат» «Qazaq Qogam» қоғамдық қоры 2021 ж

 

 

 

«Диплом» «Бала дарын» жасөспірімдер байқауы 2021 ж

 

 

14

Мырзахмет Айдана

 

 

 

«Алғыс хат» Қызылорда қаласының мәдениеті және тілдерді дамыту бөлімі

15

Нұрлан Мөлдір

 

«Үркер» зияткерлік марафоны

 

 

16

Тажбенова Айнаш

 

 

 

«Диплом» «Ізденіпаз тәрбиеші» номинациясы Қызылорда қаласы білім бөлімі 2017 ж